Өтінім қалдыру

Пәтер сатып алу үшін
өтінім қалдырыңыз

"Елорда даму" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы анонс

2024 жылғы 2 мамырдан бастап 2024 жылғы 14 маусымға дейін "Елорда даму" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Серіктестік қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) Серіктестіктің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) Серіктестіктің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

«Елорда даму» ЖШС 2019 жылы Қазақстан Республикасындағы сәтті әрі табысты кәсіпорындардың қатарына кезекті рет еніп отыр.

Ұлттық Бизнес-Рейтингтің нәтижелері бойынша біздің кәсіпорын «Сала көшбасшысы – 2019» атағына ие болды!

«Елорда даму» ЖШС көрсетілген сенім үшін барлықтарыңызға алғыс айтады және жемісті ынтымақтастығымыз бұдан әрі жалғасады деп сенім білдіреді.

Сенімділік – бізден, таңдау – сізден!

 

 


 

«Елорда даму» ЖШС барша мұсылман қауымын қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтайды. Айт күні ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңызды Алла тағала қабыл етсін. Әрбір отбасына бақыт пен береке әкелсін!

 «Елорда даму» ЖШС еліміздің барлық құрылысшыларын кәсіби мереке – Құрылысшы күнімен құттықтайды!

Құрылыс — экономиканың негізгі діңгегі болып келеді. Ал құрылысшы – мәртебелі мамандық! Сіздер еліміздің дамуы мен көркеюіне, бет-бейнесінің әрлене түсуіне өз үлестеріңізді аямай қосып келесіздер. Сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында жаңа үйлер, мектептер, ауруханалар, жолдар салынып жатыр. Абыройларыңыз артып, еңбектеріңіз бұдан әрі жана берсін!

  1 мамыр – ынтымақ пен бірлік күні құтты болсын!

Қазақстан — көпұлтты мемлекет. Жүздеген ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында бейбіт өмір сүріп жатыр.

«Елорда даму» ЖШС баршаңызды осы жарқын мерекемен құттықтай отыра, әрбір отбасына құт-береке, молшылық, ырыс пен ынтымақ тілейді. Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болсын!

сайт www.elorda-damu.kz

 

  

«Елорда даму» ЖШС еліміздің құрылыс саласына қатысы барлық азаматтарың кәсіби мереке – Құрылысшы күнімен құттықтайды! Құрылыс саласы бүгінгі еліміздің экономикасының маңызды буынына айналып отыр.Арман қала, ару қала - Астананың жаңа ғасырдың жасампаз шаһары атануына сіздердің де қосып отырған үлестеріңіз зор. Сіздердің  кәсіби шеберліктеріңіздің арқасында Астанамызда жаңа үйлер, мектептер мен бала-бақшалар  салынып,  жолдар жөнделуде. 

Сіздерге берекелі ғұмыр, бейбіт аспан, барша бастамаларыңыздың жемісті болуын тілейміз.

сайт www.elorda-damu.kz

 

«Елорда даму» ЖШС кәсіби мереке – Құрылысшы күніне орай 2018 жылдың 11 тамызы ДЕМАЛЫС КҮНІ екендігін хабарлайды.

 

сайт www.elorda-damu.kz

 

    Қасиетті Рамазан айы мүбәрәк болсын!  Барлықтарыңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз! Жасаған амалдарыңыз, ұстаған оразаларыңыз, оқыған дұғаларыңыз, арман-тілектеріңіз қабыл болсын! Келесі Рамазан айына басымыз аман, бауырымыз бүтін, төрт құбыламыз тең болып аман-есен жетуге нәсіп етсін! Ораза қабыл болсын!

 


 

 

 

 


Құрметті отандастар! «Елорда даму» ЖШС баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды! Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Біздер де қадірлі ардагерлерге бейбіт өміріміз бен бақытты болашағымыз үшін алғысымызды білдіреміз!

 

 

 

 

  


«Елорда даму» ЖШС Сіздерді тәуелсіз мемлекетіміздің айбынды мерекесі - Отан қорғаушылар күнімен құттықтайды! Біздің отандастарымыз үшін бұл мереке батырлық пен табандылықтың, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.

 

 

 

 

  


Құрметті достар! «Елорда даму» ЖШС 2018 жылдың 8 мамыр күні сату бөлімінің сағат 09:00 – 17:30 дейін жұмыс істейтінді хабарлайды! Сіздерді Қорғалжын тас жолы, 25/3 үй мекен-жайы бойынша күтеміз.