Тұрғын емес орын-жайдың бағасы 330 000 - 400 000 тг/м2
Тапсыру мерзімі
Объект пайдалануға енгізілген
Үй туралы ақпарат
"Елорда даму" ЖШС Кенесары және Ә. Сембинов көшелерінің қиылысы ауданында орналасқан көппәтерлі тұрғын үй кешенін ұсынады.
9 қабатты тұрғын үй кешенінің құрылымы кірпіштен жасалған. Жобада таза әрленген күйдегі бір-екі бөлмелі пәтерлер қарастырылған. Тұрғын үй кешенінің бірінші қабатында кіріктірілген (кеңселік) орын-жайлар орналасқан.
Бұл кешен инфрақұрылымы дамыған ауданда орналасқан. Қаланың барлық бағыттарына жылдам жетуге болады.
Жақын маңда бірқатар дүкендер, супермаркеттер, мейрамханалар мен кофеханалар, пошта бөлімшесі, сондай-ақ жаяу қашықтықта №8 орта мектеп, №12 "Қарлығаш" балабақшасы, №8 емхана, Сауда-экономикалық колледж, "Жазушылар аллеясы" саябағы орналасқан.