«Елорда даму» ЖШС еліміздің барлық құрылысшыларын кәсіби мереке – Құрылысшы күнімен құттықтайды!
Құрылыс — экономиканың негізгі діңгегі болып келеді. Ал құрылысшы – мәртебелі мамандық! Сіздер еліміздің дамуы мен көркеюіне, бет-бейнесінің әрлене түсуіне өз үлестеріңізді аямай қосып келесіздер. Сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында жаңа үйлер, мектептер, ауруханалар, жолдар салынып жатыр. Абыройларыңыз артып, еңбектеріңіз бұдан әрі жана берсін!