Өтінім қалдыру

Пәтер сатып алу үшін
өтінім қалдырыңыз

 

 

     Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысымен бекітілген «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасына Астана қаласындағы апатты тұрғын үйді бұзу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруды көздейтін тарау енгізілді.

     Астана қаласының әкімдігі «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жергілікті атқарушы органның жүз пайыз қатысуымен уәкілетті ұйым – «Елорда даму» ЖШС құрды.

     «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын реформалауға байланысты пилоттық жобаны іске асыру Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының және «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылды.

     Бүгінгі күні жобаны іске асыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй – коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасының (бұдан әрі - Тұжырымдама) және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 510-1810 қаулысымен бекітілген Реновациялау бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылады.

     Тұжырымдама Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын, Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі  «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» және 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауларын, «Amanat» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру құралы ретінде әзірленді.

     Тұжырымдамада коммуналдық және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту бөлігінде халықтың мүдделерін қозғайтын негізгі мәселелер қарастырылады.

     Апатты (ескірген) тұрғын үй қорын реновациялау жобасын іске асыру тетігі Тұжырымдамамен айқындалған және келесілерден тұрады.

     Әкімдік бөлген жер учаскелерінде «Елорда даму» ЖШС тұрғын үй кешендерін жобалауды және салуды жүзеге асырады. Тұрғын үй мен тұрғын емес орын-жайлардың бір бөлігі апатты тұрғын үйден көшірілетін меншік иелерінің арасында бөлу үшін коммуналдық меншікке өтеусіз негізде беріледі. Әкімдіктің тиісті бөлімшелері инженерлік желілерді салуды және абаттандыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ апатты үйлерден көшіруді және бұзуды жүзеге асырады. Жылжымайтын мүліктің қалған бөлігін «Елорда даму» ЖШС еркін нарықта сатады, осы ретте алынған қаражат жаңа құрылысқа қайта инвестицияланады.

     Жобаны іске асыру аясында «Елорда даму» ЖШС ауданы 934,7 мың шаршы метр немесе 12 501 пәтерді пайдалануға енгізді. Апатты үйлерден адамдарды көшіру үшін коммуналдық меншікке ауданы 216,7 мың шаршы метр болатын 4 511 пәтер өтеусіз негізде тапсырылды.

     Пилоттық жобаның бірінші кезеңі келесі көрсеткіштермен аяқталды:

- пайдалануға енгізілген тұрғын үйдің жалпы саны 592 мың шаршы метрді құрайды;

- апатты үйлердің меншік иелерін көшіру үшін коммуналдық меншікке 3 471 пәтер және 48 тұрғын емес орын-жай өтеусіз негізде тапсырылды;

- пилоттық жобаны қайта инвестициялауға бағытталған сома 44,5 млрд. теңгені құрады.

     Жобаның екінші кезеңінің көрсеткіштері.

- пайдалануға енгізілген тұрғын үйдің жалпы саны 342 мың шаршы метрді құрайды;

- апатты үйлердің меншік иелерін көшіру үшін коммуналдық меншікке 819 пәтер мен 16 тұрғын емес орын-жай өтеусіз негізде тапсырылды;

- жобаны қайта инвестициялауға бағытталған сома 57,7 млрд. теңгені құрады.

     Қазіргі уақытта жобаның үшінші кезеңі іске асырылуда:

     2023 жылы тұрғын үйдің жалпы ауданы 19,1 мың шаршы метрді құрайтын 360 пәтерлік екі тұрғын үй кешенін пайдалануға берілді. Коммуналдық меншікке апатты тұрғын үй иелерін көшіру үшін 238 пәтер тапсырылды, ал қалған жылжымайтын мүлік еркін нарықта сатылатын болады.

 

 

  20170904 165148 

   

   

 

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңының 16-бабының 3-тармағының талаптарына сәйкес "Елорда даму" ЖШС-інде 2021 жылдың наурызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет ұйымдастырылды.

"Елорда даму" ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жауапты қызметкерінің телефоны 8 (7172) 25-97-40.

Серіктестік "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" төртінші үлгілік базалық бағытының жобаларын іске асыру шеңберінде құқық қорғау органдарымен және лаңкестікке қарсы комиссиямен жұмыс жөніндегі бөлім ұсынған осы бейне-роликті орналастырды.

 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС